55 үйрек пен қасқалдақ: Заңсыз аңшылықпен айналысқан қазақстандық ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылордада полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдастырған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері табиғатты қорғау бағытында бірқатар рейдтік жұмыстар жүргізді.

Рейд барысында ВАЗ-2121 автокөлігін тізгіндеген 42 жастағы Арал ауданының тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ұсталды. Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары бір аңшы мылтығын, тоғыз оқ-дәріні, сондай-ақ жүк салғыштан екі қапқа салынған жалпы саны 55 үйрек пен қасқалдаққа ұқсас құстарды тапты. Барлық заттай дәлелдер тәркіленді.

"Аталған дерек бойынша заңсыз аңшылық фактісі бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде",- деп мәлімдеді ведомство.

Полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты аялауға, қолданыстағы экологиялық заңнаманы сақтауға және заңсыз әрекеттерден бой тартуға шақырады.

Бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен 10 туристке көмек көрсетілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады