Тоқаев Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді серіктестігін нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.

"12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен барамыз. Бұл екі ел қарым-қатынасындағы айтулы кезең деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін беретін маңызды құжаттарға қол қойылады. Сіздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық бастамасын қолдаймыз", - деді Президент.

Мемлекет басшысы машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті.

Президент "КамАЗ" және "Татнефть" компанияларымен бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.

Рустам Минниханов Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бизнес, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады