Маңғыстау облысында көлік балшыққа батып, үш адам айдалада қалып кетті

Сурет: видеодан алынды
2025 жылы 1 қарашада түнде Маңғыстау облысында Бейнеу ауылынан 10 шақырым жерде үш адам мінген көлік балшыққа батып, айдалада қалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына төтеншеліктер жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен барды.

"ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын "Трэкол" көлігін пайдалана отырып, көлікті жолдың қауіпсіз учаскесіне сүйреп шығарды. Жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген хабарламада.

Бұған дейін Жамбыл облысында түнде әйел адам терең шұңқырға түсіп кеткен болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті