Алматыдағы крематорий: Жаңа ақпарат жарияланды

Сурет: wikimedia
Алматы қаласында салынған крематорий ресми түрде қала әкімдігінің бейінді ұйымының балансына өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 3 қарашада Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) мәлімдеді.

"Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдікке қарасты тиісті ұйымның балансына берді. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша әкімге нысанның баланс ұстаушысын анықтау тапсырылған болатын. Нәтижесінде 2025 жылғы 17 қазандағы әкімдік қаулысымен нысан Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологоанатомиялық бюро" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының балансына өткізілді", – делінген хабарламада.

Крематорийдің ресми түрде іске қосылатын күні барлық нормативтік рәсімдер аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.

Айта кетейік, Алматыдағы крематорийдің ашылуы бірнеше рет кейінге шегерілген. Бұған нысан пайдалануға берілгеннен кейін қолданыстағы санитарлық ережелерде крематорийлер қызметін реттейтін нақты нормалардың болмауы және баланс ұстаушыны анықтау мәселесі себеп болған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды