Түркістанда қарулы шабуыл: жасөспірім қаза тауып, үшеуі жараланды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 4 қарашада таңертең әлеуметтік желілерде Түркістан облысында атыс болып, бір адам қаза тапты деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 2 қарашада Көктөрек ауылында қарулы шабуыл жасалып, нәтижесінде 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды, 22 және 30 жастағы екі адам жарақат алды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады.

"2 қарашада түнде Түлкібас ауданында атыс оқиғасы тіркелді. Оқиға нәтижесінде бір адам қаза болды, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен тергеу-оперативтік топ дереу шықты. Жедел іс-шаралар барысында күдіктілер қысқа мерзімде анықталды. Оның бірі ұсталды", – деді полиция.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары барлық жағдайларды анықтауға бағытталған, екінші қатысушыны іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, 2025 жылғы қазанда Жамбыл облысында түнгі аңшылық кезінде мектеп оқушысы сыныптасын атып өлтірген болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды