Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізуші сотталды

Фото: Zakon.kz
Алматыда жеті жасар қызды жүк көлігімен таптап мерт қылған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Жасы алпысқа таяған ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK таратқан ақпаратқа сүйенсек, мұнымен қоса жүргізушіге бес жыл ішінде көлік тізгініне отыруына тыйым салынды. Ал сол сәтте жасөспірімге жол бермеген автобус жүргізушісі 40 мың теңге айыппұлмен құтылды.

Қайғылы оқиға сәуір айында болған еді. Жеткіншек жаяу жүргіншілер жолағымен жолдың арғы бетіне өтпек болған. Алайда жүк көлігі оны байқамай, басып кетеді. Сорақысы сол, мұның бәрі марқұмның анасының көзінше болды. Ол көшенің келесі бетінде перзентін күтіп тұрған. Жеті жасар қыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен болатын.

Бұған дейін Ақмола облысында ер адамға адам өлтіруге оқталғаны үшін 10 жыл жаза тағайындалғанын жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты