"Асхана және оған жапсарлас салынған үш қабатты ғимарат шатыры өртке оранған. Құтқарушылар отты тиімді сөндіру үшін шатырдың жабындысын аршуда. Өртті сөндірудің төрт учаскесі құрылды, газ беру жедел тоқтатылды. Өрт сөндіру автосатысы құрылып, ол арқылы өртті сөндіру үшін оқпандар жеткізілді. Автоцистерналар гидранттарға орнатылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің звеносы да жұмыс істеуде, олар ғимарат ішінде барлау және өрт сөндіруді жүзеге асыруда. Жедел штаб құрылды, жағдай тұрақты бақылауда".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ оқиға орнына қаланың барлық қызметі келіп жетті.
Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.
Балалар үйінің балалары мешітке орналастырылып, тамақ-сусынмен қамсыздандырылды. Олардың жанында қажетті көмек пен қолдауды көрсетуші ТЖМ мен Апатты медицина орталығының қызметкерлері мен психологтары бар.
Бұған дейін Алматыда Әмина апаның балалар үйі отқа оранғаны хабарланған.