Алматыда Әмина апаның балалар үйі өртке оранды

Өрт, Алматы, балалар үйі, Әмина апа, Перзент, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 16:45 Сурет: куәгерлер түсірген сурет
2025 жылы 9 қарашада Алматыда "Перзент" балалар үйінің ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қарашада сағат 15:48-тен бастап өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіруде.

Zakon.kz мәліметінше, өрт балалар үйі территориясында орналасқан асханадан шыққан.

Балалар үйінің әкімшілігі ғимаратта адамдардың жоқ екенін, балалар дер кезінде эвакуацияланғанын, олардың жыраққа шығарылғанын нақтылайды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары дабыл белгісімен әрекет етіп, жұмыс істеуде". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Министрлік оқиға орнында қалалық ТЖД басшысы барын, ол жағдайды жеке бақылауына алғанын да нақтылайды.

Кеше, 8 қарашада Таразда химиялық зауытта жарылыс болып, алапат өрт болғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: