Алматыдағы өрт: Әмина апаның балаларының нақты қайда орналастырылатыны белгілі болды

Әмина апа, балалар үйі, Алматы, өрт, Динара Закиева, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 17:21 Сурет: видеодан алынды
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматыда өртенген балалар үйінің балалары тұрақты түрде қайда орналастыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар омбудсмені қазіргі таңда санаторий ғимаратына орналастырылған балалармен жүздесті.

"Жағдай жасалды (балаларға ойыншықтар әкелуді тапсырдым). Балалар түскі аста екен, дәл үстерінен түстім. Мұнда 29 бала екен, өйткені алтауын ата-анасы алып кетіпті. Бірнеше күн ішінде балаларды мектепке жақын маңдағы қор ғимаратына ауыстырады, қазір оны дайындап жатыр", – деді Закиева.

Оның айтуынша, өрт болған ғимаратты жөндеу жұмыстарын үш ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

9 қарашада Алматыда "Перзент" қайырымдылық балалар үйінің ғимараты өртенді. Ондағы 35 бала уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды. Әзірге, олар үшін қашықтан оқу ұйымдастырылған. Ал Әмина апаның өзі көпті алаяқтардан сақтандырып, бұл ретте көмекке деп ақша жинамауды сұраған. Ол кісі қазіргі уақытта баратын жерлері барын, балалардың бәрі аман-есен екенін, ал балалар үйі түк қалмай өртеніп кеткенін айтқан. "Ешкімнен көмек сұрап жатқан жоқпыз. Осы жағдайды пайдаланып, ақша жинайтын тіршіліктеріңді тоқтатыңдар. Керек болса, өзім айтамын", деген болатын Әмина Әжібаева бұл ретте.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: