Қостанайда қонақүй өртеніп, бір әйел қаза тапты

Өрт, Қостанай, қонақүй, бір әйел қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2023 17:09 Сурет: pixabay
30 желтоқсанда Дружба ауылында екі қабатты "Жібек жолы" қонақ үйінің ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама сағат 11:00-де келіп түсті, деп жазады "Костанайские новости".

900 шаршы метрді құрайтын алаңның 450 шаршы метрін қызыл жалын жалмады: шатыр, екінші қабат және бірінші қабат ішінара өртенді. Оқыс оқиға орын алғанда ғимарат пайдалануда болмаған. 

Өрт сағат 13:18-де толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен әйелдің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, өрттің туындау себептеріне қатысты тергеу жүргізіледі.

Өрт орнынан ең жақын елдімекенге дейінгі қашықтық 11 шақырымды құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: