Қостанайда өртеніп жатқан қару-жарақ дүкені жертөлесінде екі адам қалып кеткен

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2022 14:51 Сурет: Қостанай облысы ТЖД
Қостанай қаласында Назарбаев көшесіндегі "Оружейное палата" дүкенінің ғимараты ортқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

От жақын маңдағы ТЖО, асхана және 8 жеке тұрғын үйдің шатырына ұласып, алапат өртке айналды.

Қару-жарақ дүкенінің иесі жанып жатқан ғимараттың жертөлесінде 2 адам қалып кеткенін айтты, бірақ оқ-дәрілердің жарылуына байланысты өрт сөндірушілер оларға жақындау мүмкін еместігін жеткізген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Өрт орнында жоғары деңгейдегі дабыл белгісі бойынша облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: