Бас прокуратура Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс неден болғанын айтты

Қостанай, өрт, қару-жарақ дүкені, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 11:18 Сурет: Instagram/qostanai_tjd
Бас прокуратура 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс пен өрт фактісін тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан "Сокол" маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған.

Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс болған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар "Жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты" деген қорытындыға келді.Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтауда.

2022 жылғы 3 қыркүйекте Қостанайда қару-жарақ дүкенінде жарылыс болып, салдарынан алапат өрт жақын маңдағы ТЖО және тұрғын үйлерге тарады. Өрт салдарынан дүкеннің 11 қызметкері зардап шекті, оның төртеуі қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: