Қостанайдағы өрт: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды
Қадағалау органы ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексiнің 361-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын түсіндірді.
Сол күні мекеме басшысы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 15 қыркүйекте мекеме басшысына қатысты соттың қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қостанай облысының прокуратурасы
Ведомство тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
2 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Өрт аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өртін жою жұмыстарының барысын бағалады.
7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттердің локализацияланғанын айтты.
10 қыркүйекте Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы Әулиекөл ауданында ірі орман өртінің ауыздықталғанын хабарлады.