Жамбыл облысында ауыр қылмыс жасаған полиция басшысы қамауға алынды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 09:52 Фото: pxhere
Жамбыл облысының прокуратурасы ауыр қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған." Жамбыл облысының прокуратурасы

Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).

"Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды." Жамбыл облысының прокуратурасы

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: