Жамбыл облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 10:27 Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған "Н" азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан.

"2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңгені құрады." Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда және барлық ата-аналарды өз міндеттерін есте сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: