Ақтау қаласында алимент төлемегені үшін борышкер бас бостандығынан айырылды

Ақтау қаласында алимент төлемегені үшін борышкер бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 10:23 Сурет: Zakon.kz
Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын "А" есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

05.07.2024 жылғы соттың үкімімен "А" есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: