Елорда тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Фото: pxhere
Алаяқ жәбірленушілерді шетелдегі қатынастары туралы жалған ақпаратқа сендіре отырып, автокөлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда оларға Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған.

Алайда жәбірленушілерге берілген көліктер бұрын автокөлікті жалға беру компанияларына сотталғанға уақытша пайдалануға берілгендігі анықталды.

Мәселен, алаяқ жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктерді ресми түрде тіркеу алдағы уақытқа болжанған.

Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын енгізіп жүрген.

Сотталғанның алаяқтық әрекеттерінен 70-тен астам тұлға зардап шекті, жалпы шығын 420 млн теңгені құрады.

Сотта прокурорлармен қылмыскердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, қылмыстық ниетін орындау мақсатында автокөліктерді жалға беру шартын жасасып, ұрланған ақшалай қаражатты өзінің жеке мақсаттарына пайдаланғаны дәлелденді.

Сотталған өз кінәсін толық мойындады.

Сотпен қылмыскерге 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Елорда прокуратурасы белгілі бір қызметтерді көрсету құқығын растайтын құжаттары жоқ тұлғалармен мәмілелер жасаудан бас тартуға кеңес береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін