Астана тұрғыны такси жүргізушісінің әдепсіз ұсыныстарына шағымданды

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 08:52 Фото: pexels
Астанада такси жүргізушісі жолаушы әйелге жыныстық қатынасқа түсуді ұсынып, мазасын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 11 қазанда таңертең болған. Іс материалдарына сәйкес, InDrive такси қызметінің жүргізушісі жолаушы әйелге тиісіп, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған.

"2026 жылғы 13 қазанда Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша істі қарады", – деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Сот ер адамның кінәсін мойындағанын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, оны 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар Instagram желісіндегі blognews_astana парақшасының мәліметінше, InDrive өкілдері мән-жай анықталғанша жүргізушінің аккаунтын бұғаттаған. Компания өкілдері болған оқиғаға өкініш білдіріп, алайда өздеріне құқық бұзушылық туралы хабарлама түспегенін атап өтті.

"Біздің жүйеде өтініш туралы ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін зардап шеккен әйелмен бірнеше рет байланысуға тырыстық, алайда әзірге онымен тікелей байланыс орната алмадық. Тексеру жалғасып жатыр, оның нәтижесі бойынша қажетті шаралар қабылданады".

Ал Алматыда бейтаныс әйелге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған шетелдік турист 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: