Заңсыз такси қызметіне – тосқауыл. Көлік полицейлері тексеруді күшейтті

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 09:52 Фото: unsplash
Жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алған 2149 тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 525 заңсыз такси жүргізушісі бар.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шымкент қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 38 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жолаушылардың мазасын алып тиісіп, жеке тасымалдау қызметін ұсынып, әуежай қызметкерін балағаттаған.

"Көлік полицейлері құқық бұзушыны қоғамдық орындарда тиіскені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Іс материалдары сотқа жолданды", — деді Мәжікенов.

Еске сала кетейік, әуеежайларда, теміржол вокзалдарында және басқа да қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиісуге және ұсақ бұзақылыққа жол берілмейді. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады және көлік объектілерінің, тіпті тұтастай бүкіл елдің имиджіне айтарлықтай нұқсан келтіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: