Биыл Қызылорда облысында 3 мыңнан астам тұрғын қоғамдық орындарды ластады
Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 3 мыңнан астам тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан облыста қоғамдық орындарды ластағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке 3 560 адам тартылды. Олардың 226-сы – бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасағандар.
Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластағандарға, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript