Мақтааралдағы оқиға: полицейді жаралаған ер адам оқиға орнында қаза болды

Сурет: wikimedia
Түркістан облысында полиция қызметкерлеріне атқан адамқа қарсы жауап оқ қолдануға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде 2025 жылғы 18 қараша күні таңертең ақпарат таралды: 17 қараша күні кешке Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бір ер адам полиция қызметкерлеріне шолақ мылтықпен оқ атып, жамбасынан жаралаған. Полиция қызметкерлері ескерту оқтарын атқаннан кейін жауап оқымен шабуылдаушыны жаралап, ол оқиға орнында қаза тапты.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі факті расталып, оқиғаның егжей-тегжейін жариялады.

"Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын әйелден бұрынғы күйеуі қарумен келіп, олардың кішкентай балаларының көз алдында жанжал шығарды деген хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері келген кезде ер адам қарумен үйден шығып, көршінің ауласындағы сарайға тығылды. Құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау және айналадағы адамдарға қауіп төнбеу үшін аумақ қоршалды. Полиция қызметкерлерінің заңды талабына қарамастан, құқық бұзушы бағынбай, нысаналы оқ атты және бір қызметкерді жаралады. Өмірге қауіпті әрекеттерді тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері әуеге ескерту оқтарын атты. Дегенмен құқық бұзушы ескертуге бағынбады, сондықтан заңнамаға сәйкес қызметтік қару қолданылды. Алынған жарақаттан құқық бұзушы оқиға орнында қаза тапты", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Оқиға орнынан тіркелмеген шолқа мылтықпен қоса оқтар мен гильзалар тәркіленді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қылмыстық процестің мүддесі бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабы аясында басқа ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, өңірде 18 қараша күні таңертең тағы бір қайғылы оқиға болды: өрттен тоғыз баланы қоса алғанда 12 адам қаза тапты.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы - 2026

Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады