Көзінен айырылған әскери қызметші өз жұмысында қалатын болады - Қорғаныс министрлігі

Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Жамбыл облысында басына бөтелке жарамын деп көзінен айырылған әскери қызметшіге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Борамбаев мұндай оқиғаның орын алғанын зор өкінішпен мойындады.

"Ант қабылдау кезінде арнайы бөлім ант қабылдаушы жастардың туыстары мен жақындарына арналған шарада өз дағдыларын көрсету туралы шешім қабылдады. Бірақ қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшартпен әскерге келген қызметкер жарақат алды. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді, одан кейін ауруханаға жеткізіліп, офтальмологиялық орталыққа да апарылды. Барлық көмек көрсетілді", - деді ол.

Алайда, оның айтуынша, көру қабілеті әлі толық қалпына келмеген. 

"Бірақ соған қарамастан, шешім қабылданды: ол Қарулы Күштер қатарында қалып, қызметін жалғастырады және оған одан әрі көмек көрсетіледі. Қызмет етуіне мүмкіндік беретін бізде лауазымдар бар. Бұл ретте екі аяғы жоқ болса да қызмет еткен секілді бізде көптеген мысалдар бар. Өтемақы да береміз. Оның көлемі әскери-дәрігерлік комиссиядан өткеннен кейін айқындалатын болады", – деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

"Бүгінгі күні қызметтік тергеу тағайындалды және жақын арада шешім қабылданады. Бұл іс Қорғаныс министрінің жеке бақылауында. Бұл шоу емес. Бұл өз жауынгерлік дайындығын көрсету ниетінен туындаған жайт. Әскери қызмет әр қадам сайын тәуекелдермен байланысты", деп сөзін түйіндеді Серік Борамбаев.

Бұған дейін Жамбыл облысында салтанатты шарада өнер көрсетіп, басына бөтелке жарған сарбаз бір көзінен айырылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады