Жамбыл облысында салтанатты шарада өнер көрсетіп, басына бөтелке жарған сарбаз бір көзінен айырылды

Бөтелке, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, шоу, сарбаз, көз , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 22:44 Сурет: pixabay
Жамбыл облысында 24 жастағы әскери қызметкер салтанатты шарада басына бөтелке жарып, бір көзін қатты жаралап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер әскери қызметкер дер кезінде емделмесе, екінші көзінен де айырылуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Баламның бет-жүзін көріп таң қалдым. Одан кейін дәрігерлер де: "Баланың көзі көрмейді", - деді. Менің талабым - баламды емдеп, орнына көз салып берсін.Гүлзира Байқонысова, жәбірленушінің анасы

Оқыс оқиға өткен сенбіде Жуалы ауданындағы 91/678 әскери бөлімде болған. Жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі кезінде әскерилер ата-аналар алдында ұрыс өнерін көрсеткен. Сол сәтте Жақсылық Молдақұлдың өз басына жарған бөтелкенің сынықтары көзіне кіріп кеткен. Шашылған шыны оны көз жанарынан айырған. 24 жастағы азамат бұған дейін бұл қауіпті трюкті бірнеше рет жасағанын айтады. Дәрігерлер қажетті ем-дом шаралары жасалғанымен, көру мүшесін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтады. Өйткені әскери қызметкердің жанары сол салтанатты шарадағы шоу үстінде ағып кеткен көрінеді. Ал әскери бөлім басшысы жәбірленушіні далаға қалдырмаймыз деп уәде берді. Ол қажетті шаралар қабылдағаннан кейін, жұмысқа оралуы мүмкін деп отыр.

"Мүгедек" деп айтуға әлі ерте. Өйткені медициналық сараптама әлі өткен жоқ. Емделіп жатыр. Ол әскери қызметшіге әлі көмек көрсетеміз. Медицина жағынан көмек көрсетеміз. Ол заңда көрсетілген."Бауыржан Есалы, Жуалы ауданы 91678 әскери бөлімінің командирі

Бұған дейін Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген ана қылмыстық жазаға тартылмайтын болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: