Аида Балаева ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды

Сурет: gov.kz
2025 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Премьер-министрдің орынбасары қызметіне келгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Ақорда таратты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды",- делінген мәліметте.

Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы ретінде бастады. Әр жылдары Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасында және Алматы қаласынның ішкі саясат департаментінде түрлі қызметтер атқарды. 2008 жылы Астана қаласына келді.

Ал, 2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

Молния
Балаева Аида

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды