Алматы әкімдігінің түсініктемесі: барлық ескерту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеді

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 12:44-те Алматыда жер сілкінісі болды. Қалада дүмпулер 3 балл деңгейінде сезілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, барлық ескерту жүйелері штаттық режимде жұмыс істегенін атап өтті.

"Барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындардың телефондарына Mass Alert жүйесі арқылы хабарламалар жіберілді, қала бойынша дауыс зорайтқыш арқылы ескерту сиреналары қосылды. Сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті. Алгоритмге сәйкес, адамдар ғимараттарда сыртқа шықты. Үрей тудырған жағдайлар байқалған жоқ." Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауға шақырамыз.

Бүгін Астана уақытымен 12:44-де ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі 5 км. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі