Талдықорғанда есірткі граффитиін салушы ұсталды

Фото: Zakon.kz
Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды жарнамалаумен айналысқан заңсыз әрекетке күдікті жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

36 жастағы ер адам көпқабатты үйдің подъезіне жақындаған сәтте қолға түсті. Жеке тінту кезінде оның күртесінің қалтасынан есірткі граффитиін салуға арналған аэрозоль баллоны, ал шалбарының қалтасынан кураторлармен байланысқа пайдаланған Samsung A52 телефоны тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданындағы бірнеше аумақта есірткі граффити салғаны анықталды.

Сұрау кезінде ер адам өз кінәсін толық мойындады. Айтуынша, ол жұмыс іздеп жүріп, Telegram арналарындағы хабарландыруға жауап беріп, әрбір белгі (таңба) салғаны үшін мың теңге көлемінде ақы алған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, полицейлер күдіктінің өзге де заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғалармен байланысын тексеріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тұрғындарды сақтыққа шақырады: күмәнді жазуларды, граффитиді немесе мессенджерлер арқылы "оңай табыс" ұсынатын күдікті адамдарды байқасаңыз, дереу хабарлаңыз.

Әрбір ақпарат – бір жас адамның қылмыстық торға түсуінің алдын алуы мүмкін. Қаланың қауіпсіздігі – әр тұрғынның бей-жай қалмауынан басталады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті