Алматы облысында тау басына шығып алған екі турист қиын жағдайға тап болған

Сурет: ҚР ТЖМ
Талғар ауданы, Башута шыңына көтерілген 1987 және 1997 жылы туған екі ер адам өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушылар көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Алматы облысының 112 қызметіне осындай хабарлама келіп түскенін нақтылайды. 

Құтқарушылар жәрдем сұраушыларға жедел жетіп, олардың төменге, тау-шаңғы курортына дейін түсуге көмектесті.

"ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Айта кетсек, "Shymbulak"-та қысқы маусым ашылды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі