Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен баласы қатысқан жол апаты: соңғы сот сараптамасы қалды

Сурет: Instagram/zhambyl_police
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Санжар Әділов 2025 жылғы 17 желтоқсанда Мәжіліс мінберінде UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша оқиғаның жай-жапсарын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, Жамбыл облысы Полиция департаменті қарастыратын ЖКО ісі аяқталу сатысында.

"Дәл осы аптада соңғы сот сараптамасын күтіп отырмыз. Сол арада күдікті адамның іс-әрекеттерін заң аясында бағалап, материалдарды прокуратура арқылы сотқа жолдаймыз", – деді Санжар Әділов.

Қайғылы жол апаты 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург тас жолында болған. Жамбыл облысы ПД мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматыға келе жатып, рөлге ие болма алмай қалған. Нәтижесінде көлік аударылып, екі адам қаза тапты.

Әлеуметтік желі деректеріне сүйенсек, көлікті Шавкат Рахмоновтың жұбайы басқарған. Сондай-ақ, Гүлайым Рахмонова мен баласы Шу қаласындағы ауруханаға жеткізілген. ЖКО фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Қазақстан
Рахмонов Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады