Алматыда сауда үйінен қымбат күртешені ұрлаған ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласындағы сауда үйлерінің бірінде жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері құны 200 мың теңгеден асатын қымбат күртешені ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті тауарды дабыл жүйесінің қосылмауы үшін фольгаға орап, алып шығармақ болған.

"Қызметкерлер оқиға орнына жақын маңда болып, күдікті әрекетті бірден байқаған. Олар күдіктіні жедел түрде ұстады. Жеке құрам үйлесімді әрі шапшаң әрекет етті. Басты мақсат – ұрлықтың алдын алу және сауда орындарындағы келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұндай шаралар сауда нысандарында жасалатын қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді",- деді Алматы қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі Азамат Исергужин.

Қазіргі уақытта ер адам Медеу ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қызметкерлеріне одан әрі тексеру жүргізу үшін тапсырылды.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Алматыда полицейлердің синтетикалық есірткі тәркілегенін жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі