Алматыда полицейлер синтетикалық есірткі тәркіледі

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 10:43 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында психотроптық заттарды заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Тексеру кезінде оралған күйдегі күмәнді заттар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған заттардың синтетикалық есірткі түріне жататыны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

"Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Әсіресе азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін синтетикалық заттарды анықтау және тәркілеуге ерекше назар аударылады", – деп атап өтті басқарма бастығы.

Жыл басынан бері Алматы қаласы полициясының қызметкерлері заңсыз айналымнан жалпы салмағы 536 келіден астам есірткі затын тәркілеген. Оның ішінде 55 келісі синтетикалық есірткілерді құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: