Көлік полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 9,5 келі есірткі тәркіледі

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 16:54 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
2025 жылдың жазында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысының 31 жастағы тумасын есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау және сақтау күдігі бойынша ұстады.

Ер адамның Ертіс өзенінің жағалауынан жабайы өсетін қарасораны кейіннен пайдалану мақсатында жинап, оны кептіргені анықталды. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтың шалбарының қалтасынан жалпы салмағы 232 грамм болатын гашиш есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты құқық бұзушыны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 51 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 10-ы сату фактісі, бір аса ірі мөлшерде сақтау фактісі және екі контрабанда дерегі және басқа да құқық бұзушылықтар бар. Заңсыз айналымнан 9,5 келі түрлі есірткі тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: