Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің тың мәліметтерімен бөлісті

Сурет: видеодан алынды
Көлік министрлігі "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысы туралы аралық хабарламаны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Баку (UBBB) – Грозный (URMG) бағыты бойынша J2-8243 жолаушылар рейсін орындаған "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесі апатқа ұшырады.

Ұшақ апаты салдарынан 38 адам қаза тапты (оның ішінде 3 экипаж мүшесі), 29 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Құзырлы ведомство мәліметінше, аталған оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаның себептерін және ілеспе факторларын анықтау бойынша жұмысты жүргізіп жатыр.

Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына Әзербайжан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бразилия Федеративтік Республикасының Уәкілетті өкілдері, сондай-ақ ИКАО-ның бақылаушысы қатысады.

2025 жылғы 4 ақпанда ИКАО 13-қосымшасының 7.4 стандартына және Қағидалардың 77-тармағына сәйкес алдын ала есеп шығарылды.

Аралық хабарламаны дайындау кезінде комиссия экипаж, әуе қозғалысы органдарының диспетчерлері туралы мәліметтерді және пайдаланушының нормативтік актілерін, ұшуды дайындау және орындау жөніндегі құжаттамаларды, метеорологиялық ақпаратты және техникалық қызмет көрсету материалдарын қоса алғанда, нақты деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырды. Борт журналының және ұшуға қатысты өзге де құжаттамалардың көшірмелері алынды.

Борттық өзін-өзі жазғыштарымен жұмыс жүргізілді: ұшу деректерін тіркеушіден (FDR) ұшу параметрлері алынды, сәйкестендірілді.

Комиссия әуе кемесі оқиға болған жерді егжей-тегжейлі тексерді. Фотожәне бейнетіркеу жасады, әуе кемесінің агрегаттарын оқиға орнынан жинап, әкетті.

Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру шеңберінде төмендегі зерттеулер жүргізілді:

Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия екі жұмыс тобын құрды:

Комиссия Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасының авиациялық билік органдары, сондай-ақ "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясы ұсынған тәуекелдерді бағалау рәсімдерін ұйымдастыруға және орындауға қатысты құжаттамаға талдау жүргізіліп жатыр. Осы жұмыс шеңберінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде азаматтық және әскери секторлардың өзара іс-қимылы мәселелері де қарастырылып жатыр. Аталған мәселені зерделеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына қабылданған шаралардың сәйкестігін анықтауға және авиациялық оқиғаның дамуына әсер етуі мүмкін ықтимал ауытқуларды анықтауға бағытталған тергеп-тексерудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады;

Гидравликалық жүйе фрагменттерінің кеңістіктік өзара байланысын қалпына келтіру мақсатында Ақтау қаласында №2 гидравликалық жүйе элементтерін нақты есебі (реконструкциялау) жүргізілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, талдау жүргізіліп жатыр.

"Осылайша, бүгінгі күні тергеп-тексеру жөніндегі комиссия техникалық қызмет көрсетудің орталық компьютері (Central Maintenance Computer) кассетасын зерттеу жұмыстарының аяқталуын, сондай-ақ қақтығыс аймақтарының үстінен немесе олардың маңында ұшуларды орындау кезіндегі тәуекелдерді бағалау талдауы бойынша жұмыс тобының есебін қалыптастыруды күтіп отыр. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия байыпты ұстанымды сақтайды және барлық қорытындылар объективті тек фактілерге негізделген болады". ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Хабарламаның қорытынды бөлігінде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің сайтында жарияланатыны нақтыланған.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2024 жылғы 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар. Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды. Апаттың мән-жайын тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. 28 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңында апатқа ұшырап, ауруханаға түскен зардап шегушілерге көмектесу үшін қан тапсыру шарасын қорытындылады. Министрдің айтуынша, екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссия мен Бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізу міндетін жүктеді.

Ақтау
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды