Ұшақ апаты: Отандастарымыз қанша литр қан өткізгені белгілі болды

Қан тапсыру, Ақтау, ұшақ апаты, Ақмарал Әлназарова, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 16:22 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңында апатқа ұшырап, ауруханаға түскен зардап шегушілерге көмектесу үшін қан тапсыру шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600-ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда - 40, ШҚО - 34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ.

"Ақтау маңындағы ұшақтың апатқа ұшырау трагедиясы біздің шұғыл қызметтеріміздің қаншалықты жедел, нақты жұмылдырылатынын көрсетті.Апат болған жерге бірнеше минуттың ішінде келген жедел жәрдем бригадаларының үйлесімді және уақтылы іс-қимылының арқасында ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның өмірін сақтап қалды.Бұдан әрі Ақтау қаласының облыстық ауруханасында зардап шеккендерді алған жарақаттарының ауырлығы мен сипаты бойынша білікті іріктеу жүргізілді.Ауыр жарақаттары бар адамдарды емдеуге жатқызудың алғашқы сын сағаттарында дереу құрылғыларға қосу, дәл диагноз қою және қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындау маңызды болды", деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Әлназарова дәрігерлер өмірдің әрбір минуты қымбат болған күрделі де қиын жағдайда бұл тапсырманы жоғары кәсіби деңгейде орындады деп санайды.


"Сондай-ақ, қарапайым адамдар, әртүрлі өңірлерден келген отандастарымыз да бей-жай қалмады, қиындыққа бірден жауап берді. Осындай қиын сәттерде біз адам өмірінің нәзік екенін және ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың күші қаншалықты зор екенін одан да қатты сезінеміз. Біздің медицина қызметкерлеріне көмектескен, қайғылы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруға қатысқан әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын", деп жазды ол.

Бұған дейін ДСМ Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам емделіп жатқанын, олардың бүгіндері жағдайы тұрақтанғанын хабарлаған. Алты зардап шегушінің төртеуі жансақтау бөлімінде, тағы екеуі травматология бөлімінде жатыр.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: