Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді

Фото: Zakon.kz
27 желтоқсан күні Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Аталған іс-шаралар барысында аудан тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру кезінде оның тұрғын үй ауласындағы монша ғимаратында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіруге арналған фитозертхана ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Аталған бөлме өсімдіктерді жасанды жағдайда өсіруге қажетті арнайы жабдықтармен толық қамтылған. Тінту барысында құрамында қарасора белгілері бар өсірілген өсімдіктер салынған құмыралар, ультракүлгін және жылу тарататын шамдар, желдету құрылғылары, сондай-ақ өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар, тыңайтқыштар мен өсімдіктердің өсуін ынталандыратын түрлі құралдар табылып, тәркіленді.

Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаровтың айтуынша, сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер есірткі құралдарына жатады. Олардың жалпы салмағы 5,7 келіден асады.

Аталған дерек бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер атқарылуда.

Полиция азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз өсіру және сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін