Кентауда дәмханада жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Сурет: freepik
Кентау қаласында ойын-сауық мекемесінде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде, 2026 жылдың 1 қаңтарына қараған түні болды.

Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыстан кейін өрт болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

"Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында өрт шықты. Отқа оранған дәмхана көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына келіп, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін түнде Таразда мейрамхана өртеніп, оттың жанар-жағармай бекетіне тарау қаупі туындағанын жазғанбыз.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті