Полицияның мәліметіне сүйенсек, медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды. Аталған дерек жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы болып табылады.
"Құқық бұзушыға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ал автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды",- делінген ақпаратта.
Полиция қызметкерлері аталған уақыттың жүргізушіге өз әрекетінің басқа жол қозғалысы қатысушыларына төндірген қаупін түсінуге жеткілікті болатынын атап өтті.
"Мас күйінде көлік басқару – тек жүргізушінің өз өміріне ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне де тікелей қатер төндіреді",- деп ескертті полицейлер.
Бұған дейін ШҚО-да полицейлердің қарлы боранда тасжолда қалып қойған көліктерге көмектескенін жазғанбыз.