ШҚО-да полицейлер қарлы боранда тасжолда қалып қойған көліктерге көмектесті

ШҚО-да полицейлер қарлы боранда тасжолда қалып қойған көліктерге көмектесті , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 12:58 Сурет: бейнежазба скриншоты
2026 жылғы 2 қаңтарда Өскемен – Семей автожолының 40-шақырымында үш автокөлік жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, бұған жылдамдықты асыру, сондай-ақ жол жағдайы мен ауа райы жағдайы ескерілмеуі себеп болған.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қажетті көмек көрсетті және көліктерді эвакуациялауға жәрдемдесті.

"Полиция азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, қыс мезгілінде қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтау мен рөлде аса мұқият болуға шақырады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: