Құтқарушылар ақтүтек боранда қалып қойған отбасыға көмектесті

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снег, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, дорога закрыта, заносы, занос , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2025 16:17 Фото: pexels
Қарағандылық құтқарушылар 2025 жылғы 10 наурызда көлігі омбы қарда қалып қойған отбасыға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Осакаров ауданында автожолдың жабық учаскесінде ақаулыққа байланысты жеңіл автокөліктің жүргізушісі жолды жалғастыра алмай, құтқарушылардан көмек сұрады. Көлік салонында екі ересек және бір бала болды.

"Трэкол" жол талғамайтын көлікпен құтқарушылар қар үйінділерімен өтіп, жолаушыларды жақын елді мекенге жеткізді. Медициналық көмекке отбасы мұқтаж болған жоқ",- делінген ақпаратта.

ТЖМ дауылды ескертулерді назарға алып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.

Бұған дейін 2025 жылғы 10 наурыз сағат 15:40 жағдай бойынша 6 облыстағы 11 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылғандығы хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: