Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын одан әрі өткізу мақсатында оларды заңсыз аулаумен айналысқан үш адамнан тұратын браконьерлік қылмыстық топты ұстады.

Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келіні құрайтын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Күдіктілерді және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында өткен жылдың 24 желтоқсанында Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды.

Олардың бірі — шетел азаматы. Аталған тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы шамамен 2 мың (1 882) ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған.

Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады

Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Алматыда Сайран көлінің айналасы абаттандырылады