Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда "2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми құжатты Ақорда сайты жариялады.

Онда мемлекет басшысы цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында келесідей қаулы етті:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін