Жетісу облысында жасөспірімдер дүкендерді жасанды интеллект арқылы алдаған

Фото: freepik
2026 жылғы 13 қаңтарда Жетісу облысында жасанды интеллект қолдана отырып чектерді бұрмалаған жасөспірімдердің алаяқтық әрекеттері тоқтатылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жетісу облысында үш кәмелетке толмаған азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды.

Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды.

Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды прокуратурасы сақтықты күшейтуге шақырады, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді