Алматыдан Қызылордаға ұшып шыққан Air Astana ұшағында техникалық ақау индикаторы іске қосылған

Сурет: pixabay
КС985 рейсін орындаған Air Astana ұшағының әуеге көтерілгеннен кейін ақау индикаторы іске қосылып, ол кері - Алматы әуежайына оралды. Рейстің жалпы кешігуі 12 сағаттан астам уақытты құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компания мәліметі бойынша, 13 қаңтарда КС985 Алматы-Қызылорда бағытында ұшып келе жатқан Airbus A320 ұшағында ықтимал техникалық ақауд білдіретін индикатор іске қосылған.

Қызылорда қаласының әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес ұшып шыққан әуежайға оралу туралы шешім қабылдады.

Авиатасымалдаушының инженерлік-техникалық қызметі өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қажетті тексерулерді орындады. Ақаулар анықталмағандықтан ұшақ қайта пайдалануға берілді.

"Алматыдағы ауа райына және Airbus NEO ұшақтарын пайдалануға енгізілген шектеулерге байланысты әуе компаниясы әуе кемесін  FlyArystan ұшағына ауыстыруға мәжбүр болды, осыған байланысты рейс тағы кідірді. Ұшақ сағат 02.34-те Алматыдан қайта ұшып кетті. Кешігу уақыты жалпы 12 сағат 24 минутқа созылды".Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болғанын жазғанбыз.

Алматы
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі