Ипотека – тұзаққа айналды: миллиондарын жоғалтқан қазақстандық әйелдің оқиғасы

Фото: freepik
Өскемен тұрғыны "тұрғын үй несиеcіне көмектесемін" деп сендірген "ипотекалық кеңесшіге" сеніп, миллиондарын жоғалтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін баяндады:

"Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша өтінішпен жүгінді. Әйелдің айтуынша, күдікті оған тұрғын үй несиесін рәсімдеуге көмектесемін деп сенімін орап, 3 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген. Зиян шеккен әйел 2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үй алуға көмек көрсету туралы жарнамалық хабарландыруға қызыққанын айтты. Ақша алған соң күдікті байланысқа шықпай қойған", – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің қамауға алу шарасы – үйқамақ.

Полиция азаматтарды сақ болуға, күмәнді жарнамаларға сенбеуге және ресми келісім-шарт пен кепілсіз белгісіз тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін интернеттегі жарнама екі әпке-сіңліні 10 миллион теңгеден айырған еді. Ал Tinder-дегі жалған "Нурай" астаналық азаматты 4 миллион теңгеден айырған.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады