Атырауда төтеншеліктер қар құрсауында қалып кеткен студенттерді құтқарды

Сурет: видеодан алынды
Бүгін, 2026 жылы 19 қаңтарда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылы маңында адамдардың жоғалып кеткені туралы төтеншеліктерге хабарлама келіп түсті. Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған азаматтармен байланыс орнату мүмкін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар аудан орталығынан шамамен 250 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдар аумағында жедел түрде іздестіру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде жоғалған азаматтармен байланыс орнатылып, олар қауіпсіз жерге жеткізілді.


"Құтқарушылар кері қайту барысында аудан орталығынан 150 шақырым жерде қарға батып қалған автокөліктерді қар құрсауынан шығарды. Сонымен қатар, қар құрсауында қалған жеңіл автокөлікте болған төрт студент құтқарушылардың арнайы автокөлігімен Құрманғазы ауылына жеткізіліп, туыстарына табысталды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысында полиция жолда қалған автобус жолаушыларына көмектескені хабарланған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды