Өскеменнің бір бөлігі аязға байланысты сусыз қалды: әкім жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді

Сурет: ШҚО әкімдігі
Өскеменде аязды күндері бүлінген апатты су желілерінде жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қаладағы штаттан тыс жағдайлар тіркелген көшелерде болды. Ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяз болған төрт күн ішінде Қарбышев, Беспалов және Геологический көшелеріндегі желілерінде апатты жағдайлар тіркелді.

"Бүгін Өскемен қаласындағы Целинная көшесіне бардым. Демалыс күндері су құбырындағы апат салдарынан 2000-нан астам абонент суық сусыз қалды. Апат 1964 жылы салынған су құбыры желісінде орын алды. Бұл құбырлар жоғары деңгейде тозған және жоспарлы түрде ауыстыру бағдарламасына енгізілген. Қолайсыз ауа райы мен қатты аязға қарамастан, қалалық су арнасы қызметкерлері апатты жедел жойып, су беруді қалпына келтірді. Су болмаған кезеңде тұрғындарға ауыз су жеткізу ұйымдастырылды. Халық қажетті сумен қамтамасыз етілді. Қаланың су құбыры желілеріндегі тозуы жоғары учаскелер анықталған. Осы бағытта құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде", деп жазбы облыс әкімі желідегі парақшасында.

Сондай-ақ өңір басшысы алдағы екі-үш жыл ішінде Өскемен қаласының сумен жабдықтау жүйесі кезең-кезеңімен ретке келтірілетінін баса атап өтті.

Бұған дейін Жамбыл облысында қоғамдық тәртіп жиі бұзылатын мекемелерге бақылау күшейтілгені хабарланған.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды