Жамбыл облысында қоғамдық тәртіп жиі бұзылатын мекемелерге бақылау күшейтілді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 09:27 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының полиция департаменті Тараздағы қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы хабарламалар жиі түсетін кафе-барлар мен мейрамханалардың рейтингін жариялады.

Бұл мекемелерде төбелестер, жанжалдар, түнгі уақыттағы шу және полиция қызметкерлері ұдайы шақыртуға баратын басқа да жағдайлар жиі орын алады.

Құқық бұзушылықтар ең көп тіркелетін тізімнің алғашқы қатарында "Асти", "Белуга", "Дискомания", "Санремо", "Фабрика", "Шелби", "Марко Поло", "Энигима", "Мармарис", "Монако" көңіл көтеру орындары тұр. Ойын-сауық орындарын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар атқарады. Әр мекемеге патрульдік экипаждар мен учаскелік инспекторлар бекітілген, әсіресе түнгі уақытта және демалыс күндері рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізіледі.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады. Полиция қаладағы қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарына ғана емес, сондай-ақ мекеме иелерінің, қызметкерлердің және келушілердің жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: