Шымкенттегі қанды қақтығыс: қаза тапқан жігіт күрестен танымал тренердің ұлы болып шықты

Сурет: Instagram/bekzatzhassiya
Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан кейін туындаған жаппай төбелес салдарынан 40 жастағы Василий Колесников көз жұмды. Қайтыс болған азамат грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері, белгілі жаттықтырушы Александр Колесниковтың ұлы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның әкесі Александр Колесниковтың айтуынша, отбасы бір жыл бұрын да ауыр қайғыны бастан өткерген – жұбайы өмірден озған. Ол ұлын әрдайым елгезек, жанашыр, айналасындағы адамдарға көмектесуге дайын, спортпен тұрақты айналысқан, отбасының тірегі болған азамат ретінде сипаттады.

Әкесінің сөзінше, Василий мүмкіндігі шектеулі кішкентай балаға ерекше қамқорлық танытқан. Үйден шыққан сайын оған бірдеңе әкеліп беруге немесе көңілін аулауға тырысатын болған.

2025 жылдың мамыр айында біз ММА чемпионының өз белбеуін алғашқы жаттықтырушысына сыйлағаны туралы жазған едік. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Жасия достарымен бірге ұстазына барып, үлкен спортқа жол ашқаны үшін алғыс білдірген.

2026 жылғы 20 қаңтарда Шымкентте болған жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, оның барысында 40 жастағы қала тұрғыны қаза тапты. Ал 21 қаңтар күні адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдікке ілінген төрт ер адамның ұсталғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болған, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды