Шымкенте полиция 25 млн теңгенің мал ұрлығын әшкереледі

Сурет: ҚР ІІМ
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарды.

Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысы қатысы бар екені белгілі болды.

Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құрады.

Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды