Қазақстанда медициналық жабдықты жалған жеткізу схемасы тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі фармацевтика саласындағы қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

2026 жылдың 26 қаңтарындағы ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, медициналық бұйымдарды отандық өндіруді жалған көрсетуге негізделген ауқымды схема әшкереленіп, жолы кесілді.

"OrdaMed" АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. ҰҚК баспасөз қызметі

Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген.

Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Тінту шаралары барысында "OrdaMed" АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, "Interdentica", "Erkin Brand" және "OrdaMed" компанияларындағы қатысу үлестері тыйым салынған.

Сот санкциясымен "OrdaMed" АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды