Қазақстанмен шекара маңында қар барысы шаңғышыға шабуыл жасады

Сурет: Youtube/HotViralNews
Қытайда шаңғышы қар барысын көріп, оны суретке түсірмек болған. Алайда, жабайы табиғат иесі адамға кенеттен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай аймағы, Көктоғай ауылында болған. Бұл ауыл Моңғолия мен Қазақстанмен шекара маңындағы таулы аумақта орналасқан.

22 қаңтар күні кешке турист таудан шаңғымен қайтып келе жатқанда қар барысын көріп қалған. Жолдастарын тыңдамаған әйел жабайы аңды суретке түсірмек болып, артынан ерген. Алайда, жыртқышқа үш метрдей қалғанда барыс әйелге шабуылдай түскен. Куәгерлердің айтуынша, шаңғышыны қорғаныс қалпағы құтқарып қалған.

Шабуылдан кейін қанға малынған әйел қарға құлап, барыс үстінде тұрған. Не болары белгісіз еді, бірақ шаңғы инструкторы араласып, шаңғы таяқтарын желкілдетіп, жануарды қорқытқан.

Зардап шеккен әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, бетінен ауыр жарақат алғанымен, бүгінде жағдайы тұрақты.

Мамандар, қар барыстары адамдарды азық көзі деп қарамайтындығын атап өтті.

Бұл ретте, 28 қаңтарда Алматы тауларында да қар барысы көзге түскені белгілі болды.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды